2023 жылғы 28 тамызда Үшарал қаласында «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК және АЗЦ «Алакөл Асыл-Жер» арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Бірінші тарап атынан колледж директоры А.Т. Садиева және Екінші тарап атынан АЗЦ «Алакөл Асыл-Жер» директоры Слямов Асхат Слямұлы қол қойды. Меморандум аясында тараптар білікті жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау сапасын арттыру, дуальды оқыту жүйесін енгізу, өндірістік практиканы ұйымдастыру, инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлау мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді. Ынтымақтастық бес жылға жоспарланып, тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімі ұзартылуы мүмкін. 