Қош келдіңіз.
Кіру
AA+
"№24 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
Қош келдіңіз.
"№24 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2023 жылғы 15 қаңтарда Үшарал қаласында «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК мен «ТАТЭК» АҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Құжатқа колледж директоры М.А. Каримов пен «ТАТЭК» АҚ директоры Аханов Дулат Даукенович қол қойды. Бұл серіктестік білікті жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандарды даярлау сапасын арттыруға және кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ынтымақтастық шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

  • Оқытудың дуальды жүйесін енгізу.

  • «ТАТЭК» АҚ өндірістік персоналын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

  • Озық тәжірибемен алмасу және соңғы ғылыми, оқу-өндірістік жетістіктерді тарату.

  • Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және заманауи жабдықтармен жарақтау.

  • Инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оқытушылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру.

  • Білім алушылардың өндірістік практикасын өткізу және кәсіби біліктілік емтихандарын ұйымдастыру.

  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін зерттеу және сұранысқа ие мамандықтарды болжау.

  • Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру.

Іске асыру тетіктері:

  • Меморандумды жүзеге асыру үшін Тараптар өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылады.

  • Жұмыс тобы тиісті жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

  • Құжат 5 жыл мерзімге жасалды және Тараптардың келісімімен ұзартылуы мүмкін.

  • Бұл Меморандум Тараптар үшін қаржылық міндеттемелер мен заңды салдарларды жүктемейді.

  • Бірлескен іс-шаралардың шығыстары өзара келісім бойынша бөлінеді.