Қош келдіңіз.
Кіру
AA+
"№24 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
Қош келдіңіз.
"№24 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

2023 жылғы 20 ақпанда Үшарал қаласында «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК мен

«Zhokhan's» жеке кәсіпкерлігі арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа колледж директоры М.А. Каримов пен кәсіпорын директоры Нурсаметов Жалғас Рысбекұлы қол қойды. Бұл келісім білікті жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар:

  • Білім беру процесіне дуальды оқыту жүйесін енгізу.

  • Кәсіпорынның өндірістік персоналын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

  • Озық тәжірибемен, ғылыми және өндірістік жетістіктермен алмасу.

  • Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және заманауи жабдықтармен жарақтау бойынша кеңес беру.

  • Инженер-педагог кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру.

  • Студенттердің өндірістік практикасын кәсіпорын базасында өткізу.

  • Жұмыс берушінің талаптарына сәйкес мамандықтар бойынша біліктілік талаптарын жетілдіру.

  • Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтау мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізу.

  • Кәсіптік біліктілік емтихандарын ұйымдастыру және өткізу.

Қосымша шарттар:

  • Меморандумды іске асыру үшін тараптар өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылады.

  • Жұмыс тобы бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және оның орындалуына жауапты болады.

  • Меморандум 5 жыл мерзімге жасалды.

  • Бұл құжат тараптар үшін қаржылық міндеттемелер мен заңды салдарларды жүктемейді.

  • Барлық бірлескен іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.