2026 жылғы 23 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі Қ.С.Шигитаев Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Көкшетау қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың елдің одан әрі дамуы, әділеттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы түсіндірілді.
Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.
2026 жылғы 23 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері Г.С.Сайдалина мен В.Г.Ломакин "AMANAT" партиясының және Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Степногорск қаласының "Viamedis" ЖШС медицина қызметкерлерімен кездесуге қатысты.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау қатысты.
Заң кеңесшісі Г. С. Сайдалина өз сөзінде жаңа Конституция жобасында әрбір адамның денсаулық сақтау мен медициналық көмекке құқығы бар деп айтылғанын атап өтті. Медицина қызметкерлері-жай ғана орындаушылар емес, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін іске асырудың негізгі қатысушылары.