ҚР Бас прокуратурасы мен БҚО прокуратурасы өкілдері университетімізде
Бүгін университетімізге ҚР Бас прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы және Батыс Қазақстан облысының прокуроры Ұласбекұлы Нұрбек ресми іссапармен келіп, оқу орнымыздың жұмысымен танысты.
🔹 Қонақтар университет базасын аралап, заманауи инфрақұрылым мен оқу үдерісін көрді.
🔹 Құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен ашық әрі мазмұнды кездесу өтті.
🔹 Студенттер құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, көкейдегі сұрақтарын қойды.
🔹 Болашақ заңгерлерге арнап құнды кеңестер мен мотивациялық бағыт-бағдар берілді.
🔗 Мұндай кездесулер білім алушыларға кәсіби бағдар беріп, құқықтық мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосады.